Павлодар облысының бас қаржы полицейі жұмыстан кетті

Фото kset.kz сайтынан

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Қабденов жұмыстан босату туралы рапорт жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қаржы полициясының Павлодар облысы бойынша депарамент басшысы Қабденов Мұрат Талапұлы өз еркімен жұмыстан босату туралы рапорт жазды. Қазіргі кезде оның арызы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде қаралып жатыр. Агенттік төрағасы Рашид Түсіпбековтың бұйрығымен қаржы полициясының Павлодар облысы бойынша департамент басшысының қызметін уақытша атқару міндеті подполковник Денис Шакеновқа жүктелді.    
 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама