06 шілде 2022 | 10:02

Павлодар тұрғыны жарты миллион долларын ойынға тігіп жіберген

© 24.kz

Павлодардағы оңалту орталығында лудоманиядан емделіп жатқан науқас кейінгі 10 жылда жарты миллион долларын букмекерлік кеңсеге жұмсап жіберген. Бұл туралы 29 жастағы Руслан "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодардағы оңалту орталығында лудоманиядан емделіп жатқан науқас кейінгі 10 жылда жарты миллион долларын букмекерлік кеңсеге жұмсап жіберген. Бұл туралы 29 жастағы Руслан "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достарымызбен жүріп, барда жиналып, онлайн-матч, трансляция қарап, жанкүйер болып, уайымдап, артынан ол қорқынышты тәуелділікке айналды", - дейді ер адам. 

Оның айтуынша, мың теңгеден басталған ұтыс жүздеген мыңғаа ұласқан. 

Реклама
Реклама

"Бастапқы 2-3 жыл менің отбасылық, жеке өміріме әсер етпейтін, себебі өзімді, тіккен соманы бақылай алатынмын. Артынша уақыт өте келе қыруар қаражат жеңіле бастадым, қарызға кіріп, несие алып, отбасымды алдап жүрдім", - дейді Руслан. 

Жыл сайын Павлодардағы орталыққа 700-800 адам осындай проблемамен жүгінеді. Мамандардың сөзінше, бұл тәуелділікті бақылауға болады, бірақ ол үшін көп күш жұмсау керек.  

Сонымен қатар, мамандар жыл сайын лудомандар саны өсіп келе жатқанын айтады. Бұл жерде бірнеше фактор әсер етеді: букмекерлік кеңселердің, түрлі қарыз беру және несиенің қолжетімді болуы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная