01 қыркүйек 2020 | 16:08

Павлодарда 1-сыныпқа барған баласына тілашар тойын жасағандар анықталды

Видео кадры

Павлодарда карантин режиміне қарамастан баласының бірінші сыныпқа барғанын тойлағандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда карантин режиміне қарамастан баласының бірінші сыныпқа барғанын тойлағандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының полиция департаментінің мәліметінше, тілашар тойы қаладағы мейрамханалардың бірінде болған.

Реклама
Реклама

"Дәстүрге құрмет көрсетуді ұмытпайтын азаматтар қазір бұқаралық іс-шараға тыйым салынғанын мүлде ұмытып, мейрамханада 50-ге жуық адамды жинап, өздеріне және қонақтарына қауіп төндірді" - деп мәлімдеді облыстың ДП баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тексеру кезінде 70 қонаққа арналған үйлену тойы, басқа мейрамханада және Павлодардың екі кафесінде болған отбасылық шаралар анықталды. Барлық құқықбұзушыға қатысты материалдар жиналып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.

"Кәсіпкерлер карантин режимі кезіндегі тыйымдарды біле тұра, әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатыр. Залдарға бірнеше адамды жинай отырып басқа адамдарға қауіп төндіреді", - деді облыстың ПД жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғалым Сарғұлов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная