02 маусым 2023 10:55

Павлодарда 1300-ден аса саяжай мемлекет мұқтажы үшін сүріледі

Фото: 24.kz

Павлодарда мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алу басталды. Салынып жатқан "Достық" ықшамауданының жанындағы саяжай алаңы сүріледі. Бау-бақша учаскелерінің орнына көпқабатты үйлер салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алу басталды. Салынып жатқан "Достық" ықшамауданының жанындағы саяжай алаңы сүріледі. Бау-бақша учаскелерінің орнына көпқабатты үйлер салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын Анатолий Головневтің саяжайы бұзылуға жақын. Жергілікті билік үйді және абаттандырылған бақшаны үш миллион теңгеге бағалады. Бұл сома зейнеткерге ұнамай, ол сотта өзінің саяжайы әлдеқайда қымбат екенін дәлелдеді.

"Олар оны бес миллионға бағалады. Бес миллионға, бұл ауданда тоғыз миллионнан он бес миллионға дейін. Менің қалағаным да осы. Тіпті саяжайдың жағдайы өте нашар", - дейді саяжай тұрғыны Анатолий Головнев.

Реклама
Реклама

"Строитель" бау шаруашылығында 2014 жылдан бастап мемлекет мұқтаждығы үшін жер телімдері қайтарылды. Қала маңындағы аумақтардың басым бөлігінде көпқабатты үйлер салынып үлгерді. Биыл аудан кеңейе бастады. Тағы 192 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

"Біз осы бұзуларды көптен күттік. Бес жыл бойы бізге уәде берді, ештеңе жасамады. Мұнда көбіне қарт адамдар тұрады. Бұл саяжайлардан бәрі шаршаған. Қараусыз қалған бос үйлер көп.

Кететініміз өкінішті, өйткені біз ұзақ жылдар бойы бұл саяжайларға үйреніп қалдық. Сондықтан олардың бұзылуын қолдаймыз, - дейді саяжай тұрғыны Тамара Небольсина.

Павлодар қаласы әкімдігінің жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою секторының меңгерушісі Айтолқын Қасенованың айтуынша, 2014-2023 жылдар аралығында мемлекетке 855 жер телімін қайтарылған.

"Жер телімдері бізден нарықтық бағамен алынып жатыр. Орташа құны жер учаскесінің абаттандыруына байланысты миллион теңге немесе одан да көп. Ғимарат, нысандарының жер көлемі бағаға әсер етеді", - деді Айтолқын Қасенова.

Сәулетшілер салынып жатқан шағын ауданды Павлодарға кіре берістегі айналымға дейін кеңейтті. Әкімдік "Достық" жаңа тұрғын алабының қолайлы болатынына сенімді. Оған трамвай желісі жүргізіледі. Мектептер, балабақшалар, әлеуметтік және медициналық нысандар салынады. Жаңа үйлерге 20 мыңға жуық адам қоныстанатыны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram