07 қыркүйек 2022 | 08:35

Павлодарда 2 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Павлодарлық дәрігерлер сегізінші қабаттың терезесінен құлаған екі жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр. Бала жансақтау бөлімінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарлық дәрігерлер сегізінші қабаттың терезесінен құлаған екі жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр. Бала жансақтау бөлімінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, оқиға кеше сағат 11.17-де болған.

Бүлдіршінге алғашқы жедел медициналық көмек көрсетілген. Жағдайын ауыр деп бағалаған дәрігерлер оны бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізді. 

Реклама
Реклама

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі балаға операция жасалғанын хабарлады.

"Ішкі қан кету тоқтатылды. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная