23 қыркүйек 2021 | 14:53

Павлодарда 5 жастағы баладан коронавирустың "нигериялық" штамы анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында бес жастағы баладан коронавирустың нигериялық Eta штамы анықталды, - Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, отбасының барлық мүшесі коронавируспен ауырып шыққан.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында бес жастағы баладан коронавирустың нигериялық Eta штамы анықталды, - Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, отбасының барлық мүшесі коронавируспен ауырып шыққан.

Бұл туралы брифингте Павлодар облысының бас дәрігері Айдар Ситқазинов мәлімдеді.

"Павлодарда бір отбасындағы баладан сараптама алынды. Мұндай жағдайда таңдап бір адамнан сараптама алынады. 2016 жылы туған баладан коронавирустың нигериялық Eta штамы анықталды. Ол отбасының барлық мүшесі бұл штаммен ауырып, жазылып шыққан", - деді деді Айдар Сейітқазинов.

Реклама
Реклама

Басқарма басшысының айтуынша, бұл жағдай тамыз айында болған. Қазір баланың жағдайы жақсы, отбасы мүшелері өздерін жақсы сезінеді.

"Ол кезде Алматыға 5 сараптама жіберілді. Оның біреуінен нигериялық штамм, үшеуінен Дельта штамы анықталды", - деді Айдар Сейітқазинов.

Бала "нигериялық" штамды жұқтыруы мүмкін болған жерлерді дәрігерлер анықтап жатыр.

"Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық", - деді Ситқазинов.

Еске салайық, 21 қыркүйекте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағынан нигериялық Eta штамы анықталғанын хабарлады.

Eta штамы туралы былтыр желтоқсанда белгілі болды, вирус жұқтырған науқастар алғаш Нигерия мен Ұлыбританияда тіркелді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 15 қыркүйектегі деректері бойынша Eta штамы әлемнің 77 елінде табылған. ДДҰ санаты бойынша "бақылауды" талап ететін штамдардың қатарына жатады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная