19 қазан 2020 | 17:28

Павлодарда әкімдігінің өкілдері шіріген картоп үшін кешірім сұрады

Фото: Instagram/@zhaloby_pavlodar

Павлодарда облыстық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік, сауда басқармалары шіріген картоп үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда облыстық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік, сауда басқармалары шіріген картоп үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап. 

Instagram желісіндегі @zhaloby_pavlodar парақшасында облыс орталығында тұратын әйел сенбіде өткен жәрмеңкеде 6 қап шіріген картоп сатып алғанын жазған.

Реклама
Реклама

"Ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 6 қап картоп сатып алдым. Үйге келген соң алған картобымның шірік екенін көріп, жағамды ұстады. Маған дейін бұл картопты сатып салған ата-әжелердің жағдайын ойлап, өзімді жайсыз сезіндім. Өте өкінішті", - дейді тұрғын.

Павлодар облысы әкімдігіне қарасты ауыл шаруашылығы әрі кәсіпкерлік және сауда басқармалары бұл дерекке қатысты тексеріс жүргізілгенін атап өтті.

Басқармалардың мәліметінше, бұл оқиға 17 қазанда Павлодардағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде болған. Онда тек жергілікті фермерлер ғана емес, Ақсу мен Павлодардың жеке кәсіпкерлері де өз өнімдерін сатқан.

"Бұл оқиғада Ақсу кәсіпкерінің кінәлі екені анықталды. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерін сатып алған тұрғындардан кешірім сұраймыз. Кәсіпкер сапасыз картопты жәрмеңкеде сатып алынған көлемде ауыстыруға дайын", - дейді басқарма қызметкерлері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная