ПОДЕЛИТЬСЯ
25 ақпан 2019 | 08:15
Павлодарда алимент төлемегендердің көлігін тартып алып жатыр
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Instagram желісіндегі парақшасында алимент төлемейтіндерді анықтау жөніндегі жұмыстың алғашқы нәтижелерін айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Instagram желісіндегі парақшасында алимент төлемейтіндерді анықтау жөніндегі жұмыстың алғашқы нәтижелерін айтты.
"Өңірлік палатадағы жеке сот орындаушыларының мәліметі бойынша, осы аптада төрт алимент төлейтін адамның автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Олардың бірі бірден 520 мың теңге көлемінде барлық қарызын өтеді. Тағы бір көлік тұрақтан шықты, ер адам оны алимент есебінде бұрынғы жарының атына жазды. Қалған екі автокөлік бағаланғаннан кейін сатылады, ал одан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалады", - деп жазған аймақ басшысы.
© instagram/bbakauov
Алимент төлемейтіндердің мәселесін қолға алуды Болат Бақауов осыдан бір апта бұрын көпбалалы аналардың проблемасын шешу жайлы кеңес барысында уәде берген, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz тілшісі.
Ол кезде аймақ басшысы биліктегілер жұмыс берушілерден алимент төлейтіндерге тек "ақ" жалақы беруді талап ететінін хабарлаған. Сонымен қатар, әкім олар өз балаларының алдындағы міндетінен жалтармау үшін, сот орындаушыларының жұмысын күшейтуді және діни қызметкерлерді профилактикалық жұмысқа тартуды тапсырды.
Показать комментарии
Читайте также