ПОДЕЛИТЬСЯ
13 маусым 2022 | 11:58
Павлодарда әскери қызметшінің өліміне қатысты соталды тергеу басталды
Павлодарда әскери қызметшінің өліміне қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда әскери қызметшінің өліміне қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
ҚР Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы марқұм аға сержант Айбек Тұрсұмбаевтың отбасына көңіл айтты.
"2022 жылы 12 маусымда сағат 19.15-те келісімшарт бойынша әскери қызметші қаза тапқан еді. Сол күні ол болған 5512 әскери бөлімінің саябағында КамАЗ әскери жүк көлігінің дөңгелегі жарылды, оның салдарынан қызметшіміз бас жарақатын алып, мерт болды", - деп жазылған ҚР Ұлттық ұланы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының хабарламасында.
Бүгінде құзырлы органдар бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша ақпарат жарияланады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также