ПОДЕЛИТЬСЯ
06 наурыз 2020 | 09:59
Павлодарда автобус жүргізушілері наразылыққа шықты. Жағдайға әкім араласты
Автобус жүргізушілері наразылыққа шығып, қоғамдық көліктер бірнеше сағат бойы қозғалыссыз қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Автобус жүргізушілері наразылыққа шығып, қоғамдық көліктер бірнеше сағат бойы қозғалыссыз қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шеруді бірден екі кәсіпорынның - "Автопарк №1" ЖШС және "Павлодарский автокомбинат" ЖШС жүргізушілері ұйымдастырған.
Жұмысшылар жеңілдікпен жүретіндерді тасымалдағаны үшін компания басшылығына бюджеттен төленетін өтемақы қарапайым жүргізушілерге жетпейді деп наразы болды. Сонымен қатар, жүргізушілер жалға алу ақысының жоғары екенін айтып шағымданды. Олар күн сайын ЖШС басшылығына шамамен 30 мың теңге төлейтінін мәлімдеді. Жұмысшылар бұл соманың көп екенін айтып, оны 25 мыңға түсіруді сұрады. Әйтпесе, жүргізушілер жаппай жұмыстан шығамыз деп қорқытты.
"Мен үшін бұл күтпеген жағдай болды. Кеше маған талаптар жазылған аноним хат келді, бірақ онда мерзім де, басқа ештеңе де көрсетілмеген. Бұл оқиға №1 автобус паркінде басталды, қалғандары оларды қолдамақ болған", - деді "Павлодарский автокомбинат" ЖШС директоры Александр Панченко.
Автопарк басшылары жүргізушілермен келіссөз жүргізуге тырысып жатқан кезде, павлодарлық тұрғындар адам толы автобустарға немесе таксиге мінуге мәжбүр болды. Ал мектеп оқушылары аялдамаларда тоңып тұрды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo) 5 Мар 2020 в 12:11 PST
Бірнеше сағаттан соң шеруге шыққан жүргізушілерге қала әкімі Қайрат Нүкенов келді.
"Тасымалдаушылар мен жүргізушілер арасында түсініспеушілік болған. Әкімдіктің кінәсі жоқ. Бұл ішкі қатынас. №1 автопарк жүргізушілері жеңілдікпен жүретіндерді тасымалдау үшін төленетін өтемақылар оларға да жетуі керек деп талап қойды. Бұл дұрыс. Жолаушыларды кәсіпорындар емес, жүргізушілер тасымалдайды. Ақшаның бір бөлігі автобустарды жөндеуге кетеді, бірақ ақшаның бір бөлігі жүргізушілерге де берілуі керек. Олар жалдау ақысын төмендетуді сұрады, ал тасымалдаушы бұл мәселені өзі реттеуі керек еді, бұл оның бизнесі. Автокомбинаттың да жағдайы сондай. Қазір барлық мәселе шешілді. Жағдайды өз бақылауыма алдым", - деді Нүкенов.
Ол 27 ақпанда қала әкімдігі жеңілдікпен жүретін жолаушыларды тасымалдау үшін автопарктермен келісімшарт жасасқанын айтты. Алайда әкім келісімшарттың мән-жайын толық ашпады.
"Тасымалдаушылар келісімшарттағы міндеттерін орындауы керек. Орындамаған жағдайда келісімшартты бұзып, айыппұл саламыз", - деді Нүкенов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также