Павлодарда балабақшада балалардың ұрып-соғылғаны түсірілген видеодан кейін тәрбиеші жұмыстан қуылды

Павлодарда балаба?шадарды? бірінде балаларды? ?рып-со?ыл?аны т?сірілген видеодан кейін т?рбиеші ж?мыстан ?уылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда балабақшадардың бірінде балалардың ұрып-соғылғаны түсірілген видеодан кейін тәрбиеші жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ата-аналардың бірі тәрбиешінің баланы ұрып жатқанын видеоға түсіріп алған. Осыған байланысты тәрбиеші жұмыстан қуылып отыр.

Видеодағы кадрлардан 3-4жасар баланың үстел үстінде отырған сәті көрсетілген. Сондай-ақ, видеодан тәрбиешінің олардың біріне орындарына отыруын бұйырғанын байқауға болады.

Реклама
Реклама

Ата-аналар видеоны балабақша басшылығына көрсетіп, тәрбиешіні жұмыстан босатуын талап еткен. Алайда директор қазіргі уақытта еңбек демалысында екен, ал директордың міндетін атқарушы мұндай мәселелерді шеше алмайды. Осыдан кейін балалардың ата-аналары видеоны әлеуметтік желілерге жүктеген

Ал Павлодар қалалық білім басқармасындағылар тәрбиешінің жазаланғанын хабарлады.

"Бұл оқиға 22 маусымда қалалық №38 орта балабақшасында болған. Тексеріс барысында тәрбиеші Коновалова 2012 жылғы екі тәрбиеленушіге қол жұмсағанын мойындады", - деді білім басқармасындағылар.

Өңірлік білім басқармасындағылар да бұл мәліметті растады.

"Осы оқиғадан кейін тәрбиеші бірден жұмыстан қуылды, сондай-ақ, директор басшысы міндетін атқарушы да бақылаудың болмағаны үшін жазаланды. Оған қатаң жаза қолданылды", - деді білім басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуенов.

Білім бөліміндегілердің айтуынша, балабақша директоры жұмысқа шыққан соң директорға қатысты қажетті шаралар қолданылатын болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама