Павлодарда балаларға жарамдылық мерзімі өткен препарат егілген

Фото:depositphotos.com

Павлодар облысының прокуратурасы медициналық ұйымдарды екпе науқанының заңдылығына тексеру нәтижелері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Павлодар облысының прокуратурасы медициналық ұйымдарды екпе науқанының заңдылығына тексеру нәтижелері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

21 миллион теңгеден аса сомаға 9,5 мыңнан аса вакцинаны ұтымсыз пайдалану деректері анықталған.

"Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамдылық мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілген.

Павлодар емханаларының біріне "Пентаксимнің" 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған.

Қарсы тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау деректері анықталған.

"Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды, кінәлі адамдар жауаптылыққа тартылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама