09 сәуір 2020 | 15:10

Павлодарда блокбекетті айналып өтпек болған жүргізуші қамауға алынды

Фото: Әлихан Сариев

Павлодарда 35 жастағы ер адам Volkswagen Golf көлігіне үш жолаушыны мінгізіп, Семейге өту үшін блокбекетті айналып өтпек болған, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда 35 жастағы ер адам Volkswagen Golf көлігіне үш жолаушыны мінгізіп, Семейге өту үшін блокбекетті айналып өтпек болған, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылымның мәліметінше, ер адам блокбекеттен өтуге тыйым салынғанына қарамастан, Шығыс Қазақстан облысына өтпек болған.

Реклама
Реклама

"Полицейлер тәртіп бұзушыны ұстады. Павлодар облысы аумағына кіру және шығу режимін бұзған ер адамға қатысты ҚР Құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот қаулысымен ол бес тәулікке қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Басылымның мәліметінше, 1 сәуірден бастап аймақ периметрі бойынша төрт қосымша блокпост жұмыс істей бастады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram