22 сәуір 2020 11:17

Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекі сұраған полицей жұмыстан шығарылды

Видеодан алынған кадр

Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекі сұраған полицей қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекі сұраған полицей қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов брифинг барысында айтты.

Реклама
Реклама

"Менің бұйрығыммен блокбекетте жүргізушіден темекіге ақша сұраған Жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды. Погоны шешілді, куәлігі алынды. Оның аға басшысы, сондай-ақ, взводтың басқа да басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Мәсімов.

Еске салайық, осыған дейін Желіде Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекіге ақша сұраған полицейдің видеосы тараған еді. Видео кадрларынан полиция қызметкерінің Германиядан Семейге келе жатқан жүк көлігі жүргізушісінен темекіге ақша қалдырып кетуін сұрағаны көрінеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram