Павлодарда екі мектептің оқушылары мен мұғалімдері эвакуацияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Павлодарда екі мектептің оқушылары мен мұғалімдері эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда екі мектептің оқушылары мен мұғалімдері эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, барлығы шұғыл түрде мектеп ғимаратынан көшеге шығарылған. Эвакуация кезінде түсірілген видео жергілікті қоғамдық әлеуметтік желілердің парақшаларына тарап кеткен.

Реклама
Реклама

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 13 ақпанда таңертең №34 орта мектептің директоры полицияға хабарласып, мектептің электронды поштасына мектепте "снаряд" бары туралы хабарлама келгенін айтқан.

"Оқиға орнына барлық қызметтер жіберілді. Ғимарат тексерілді. 1115 адам, оның ішінде 950 оқушы эвакуацияланды. Сондай-ақ, №35 орта мектептен 1000-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Жарылғыш заттар бойынша мамандар ғимараттардан күдікті және жарылғыш құрылғылар таппады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген ҚР ІІМ Telegram-каналында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама