Павлодарда ерлі-зайыптының пәтерінен қылмыстық құрал табылды

Фото:depositphotos.com

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері телефон алаяқтарына көмектескен отбасылық жұпты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері телефон алаяқтарына көмектескен отбасылық жұпты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалдамалы пәтерде әрқайсында 8 слоты бар 5 sim-box құрылғы табылған. Онда қазақстандық ұялы байланыс операторларының sim-карталары орнатылған. Олардың көмегімен ел аумағында интернет алаяқтық жасау үшін қолданылатын виртуалды абоненттік нөмірлер тіркелген. Сонымен қатар 4 роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 sim-картасы тәркіленді.

Ұсталғандар полицияға жеткізілді.

Реклама
Реклама

"Олардың міндетіне апта сайын құрылғылардағы sim-карталарды ауыстыру кірген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама