07 сәуір 2022 | 17:00

Павлодарда фармацевт қателігінен уланған баланың жағдайы белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрация: elements.envato.com

Павлодарлық дәрігерлер дәріден уланған 3 жасар баланың жағдайын айтты. Мәлімет бойынша, фармацевт дәрілерді шатастырып антибиотиктің орнына антидепрессант берген. Қазір зардап шеккен сәби ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарлық дәрігерлер дәріден уланған 3 жасар баланың жағдайын айтты. Мәлімет бойынша, фармацевт дәрілерді шатастырып антибиотиктің орнына антидепрессант берген. Қазір зардап шеккен сәби ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы туралы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы айтты.

"Анасының айтуы бойынша, балаға "амитриптилин" 25 мг таблетка берген. 11 наурыз күні 1 таблетка, кешке сағат 23:00-де 2 таблетка және 12 наурыз күні таңертең 3 таблетка ішкен. Кешке қарай бала әлсіреп, ұйықтай берген, құсу және  құрысу белгілері байқалмады. Ауруханаға түскен кезде интоксикацияға байланысты жағдайы орташа ауыр болды. Қабылдау бөлімшесінде асқазанды шаю жүргізілді", – дейді басқармада. 

Реклама
Реклама

Бөлімше баланың үш таблетка ішкенін атап өтті. 12 наурыз күні кешке нәресте енжар, ұйқышыл болған, бірақ құсу, тырысулар болмаған. Бұған алаңдаған ата-ана жедел жәрдем шақырған.

"Бала дәріні қабылдағаннан кейін жағдайы орташа ауырлықта болды. Жедел жәрдем бөлмесінде асқазанын шаюдан өтті, содан кейін ауруханаға жатқызылды. Барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралар жүргізілді. Сәбидің жағдайы жақсарды", - деді Денсаулық сақтау басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная