Павлодарда жеке үйден өрт шығып, бір жасар сәби қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Павлодарда жеке үйден шыққан өрттен бір жасар сәби тірідей өртеніп кетті. Тағы 5 және 14 жастағы екі бала зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда жеке үйден шыққан өрттен бір жасар сәби тірідей өртеніп кетті. Тағы 5 және 14 жастағы екі бала зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт туралы хабарлама "101" пультіне 10 желтоқсанда сағат 17:57-де түскен. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мілңметінше, екі қабатты кірпіштен қаланған жеке тұрғын үйдің бірінші қабатында екі кресло, биік орындық, кілем, сондай-ақ екінші қабатқа апаратын ағаш баспалдақ өртенген.

Реклама
Реклама

"Барлау кезінде залдан 2021 жылы туған баланың күйіп кеткен денесі табылды", - деді Павлодар қалалық ТЖД бастығының орынбасары Тілекжан Ғалямов.

Өрт кезінде үйде бір жасар баладан басқа 5 жасар бала мен 14 жастағы қыз бала болған.

Өрт 18:32-де оқшауланды, 18:47-де өрт жойылған. Өртті сөндіруге 5 бірлік техника мен 16 адам жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама