13 тамыз 2020 | 10:20

Павлодарда карантинде қорқор ұсынған мейрамхана әшкере болды

Фото: sigaretkam.net

Павлодарда карантин кезінде жұмыс істеген 15 қорқор мейрамханасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда карантин кезінде жұмыс істеген 15 қорқор мейрамханасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорқор ұсынған мейрамханалар қала орталығында жұмыс істеген. Мейрамхана жұмысын тексерген мамандардың айтуынша, бұл жерге адамдар құпиясөзді айту арқылы кірген. Ал қонақтар құпиясөзді Telegram-канал арқылы алған. Сондай-ақ, құпиясөз күн сайын өзгеріп отырған. 

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, тексеріс барысында мейрамхананың ішінде 20-дан аса адам болған. Олардың арасында кәмелет жасы толмағандар да болған.

Рейд барысында Павлодарда заң бұзудың 40-тан аса дерегі тіркелді.

"Олардың барлығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, қорқор ұсынған мейрамхананың 15 әкімшісі, қорқор жасайтын қызметкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің осы бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды", - деді Павлодар қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Арман Каптаев.

Оның айтуынша, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті де қорқор ұсынған мейрамханалардың иелерін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная