09 қаңтар 2024 | 10:02

Павлодарда кәсіпкерлер салық талабының бұзылуына байланысты 90 миллион теңге шығынға ұшыраған

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодарлық кәсіпкерлер 90 миллион теңгеге шығынға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарлық кәсіпкерлер 90 миллион теңгеге шығынға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Оның нәтижелері тамақтану сомаларын есептеу Кәсіпкерлік кодекстің, тамақтануды ұйымдастыру ережелерінің, салық және бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып жүргізілгенін көрсетті.

Реклама
Реклама

Білім басқармасы бюджеттік өтінімдерді жасау барысында бір реттік мектептегі тамақтану құнының есебіне қосымша құн салығы ставкасын (12 пайыз) назарға алмағаны анықталды. Тамақтануды ұйымдастырғаны үшін төлем салықты шегере отырып жүргізілген, яғни бір оқушыға 450 теңгенің орнына 402 теңге төлеген", - делінген хабарламада.

Мұндай мән-жайлар қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын 33 шаруашылық субъектінің құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыратыны айтылды.

"Қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру практикасы қайта қаралды. Кәсіпкерлерге 90 миллион теңге көлемінде негізсіз ұсталған ҚҚС сомасы төленді. ​

Жіберілген заңбұзушылықтар үшін облыстың білім беру басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауаптылыққа тартылды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная