12 шілде 2023 | 13:23

Павлодарда "Қазпошта" филиалы басшысының орынбасары сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

5 шілдеде Павлодар сотының үкімі бойынша, "Қазпошта" АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

5 шілдеде Павлодар сотының үкімі бойынша, "Қазпошта" АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

"Ол филиалдың автошаруашылығы аумағында автомобиль боксының шатырын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым өкілінен 2 миллион теңге сомасында пара алды.

Сотталған адамға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная