20 қыркүйек 2021 | 08:57

Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Павлодарда сабаққа киіп келген киімі үшін алтыншы сынып оқушысын қорлаған мектеп директоры жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда сабаққа киіп келген киімі үшін алтыншы сынып оқушысын қорлаған мектеп директоры жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі мәліметінше, оқушылар алдында алтыншы сынып оқушысын джинсы кигені үшін қорлаған мектеп директоры сөгіс алған.

"Іс аяқталды. Барлық тарап тыңдалды. Ішкі тергеу нәтижесі бойынша мектеп директорына сөгіс жарияланды", - деді Tengrinews.kz тілшісіне Павлодар білім басқармасы өкілдері.

Реклама
Реклама

Бұл жерде мектеп оқушысының анасының мектеп директорына ешқандай шағымы жоқ екені айтылды.

"Баланың анасының айтуынша, бұрынғы күйеуінің әлеуметтік желілерде айтқан әңгімесі асыра айтылған. Негізінде баланың жылап, келгені жалған. Баланың анасы білім бөлімінің басшысында болды, сол кезде бәрі анықталды. Ол қызының жағдайы жақсы екенін айтты", - деді Павлодар қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін мұғалімнің оқушы қыздың ата-анасынан кешірім сұрағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная