Павлодарда коронавирустан қайтыс болған науқастың бірнеше ауруы болған

Павлодарда коронавирустан қайтыс болған науқастың бірнеше ауруы болған Фото: Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған адамға қатысты мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған адамға қатысты мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"9 сәуірде Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам тіркелді. Өкінішке қарай, біреуі қайтыс болды. Павлодар облысының 1936 жылғы тұрғыны қайтыс болды. Ол ауруханаға 8 сәуірде жеткізілген болатын", - деді Павлодар облысы Тауарлар қауіпсіздігі мен сапа бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Замзагүл Дощанова.

Ол қайтыс болған ер адамның бірнеше аурумен ауырғанын айтады.

Реклама
Реклама

"Оның созылмалы аурулары болды - тыныс демікпесі, өкпенің обструктив ауруы, жүректің ишемиялық ауруы, үшінші деңгейдегі гипертензия, көкірек терісінің қатерлі ісігі, - деді Дощанова.

Еске салайық, кеше Павлодар облысында коронавирустан тағы бір адамның қайтыс болғаны хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама