Павлодарда мүгедектерді қорлап келген мекеме анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: raik.by

Павлодардағы мекемеде мүгедектерді қорлаған. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын тексеру барысында өрескел деректер анықталды. Бұл туралы прокурорлар айтып берді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Павлодардағы мекемеде мүгедектерді қорлаған. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын тексеру барысында өрескел деректер анықталды. Бұл туралы прокурорлар айтып берді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, облыстың мыңнан аса ерекше қажеттілігі бар тұрғыны әлеуметтік қызмет пен арнайы құрал-жабдықты алмаған. Азаматтарға қызмет көрсетуге арналған 13 миллион теңге бюджет қаржысы заңсыз игеріліп, ұрланған. Медициналық-әлеуметтік мекемеде жарамдылығы өтіп кеткен тамақ берілген.

"Медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірінде қамқорлыққа алынғандарға қатыгездік көрсету дерегін анықтадық. Сонымен қатар, тексеру барысында бейнекамералардағы жазбалар алынды. Нәтижесінде санитар мүмкіндігі шектеулі адамды балағаттағанын, палатада қолын қайырып ұстағанын анықтадық", - дедi Павлодар облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің жетекшісі Асхат Көкімбаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама