Павлодарда мұз үстінде жүрген бес бала құтқарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon 523
comments icon 0

Павлодарда жұқа мұз үстінде жүрген бес бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Павлодарда жұқа мұз үстінде жүрген бес бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Құтқарушылар мұздың үстінде жүрген балаларды орталық жағалауда патрульдеу кезінде анықтаған.

ҚР ЖТМ Павлодар облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шерияздановтың айтуынша, олар Ертіс өзенінің ортасына қарай жетіп қалған.

Реклама
Реклама

"Бұл өте қауіпті. Күн жылына бастағаннан бері мұздың үстіндегі қар ери бастады. Қардың еріген суы мұзға сіңіп, мұздың құрылымы өзгереді де сынғыш болады. Қалыңдығы елу сантиметр болғанның өзінде адамның салмағын көтере алмауы мүмкін", - дейді Серік Шериязданов.

Балалар 2008, 2010, 2009 және екеуі 2011 жылғы. Жеткіншектермен мұздың қауіптілігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Құтқарушылар көктемнің келуімен мұздың үстіне шығу өте қауіпті екенін ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Гүлнара Досымшалова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная