Павлодарда органын сатпақ болған шетелдік ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Павлодарда органын сатпақ болған шетелдік ұсталды видео кадры

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз әрекеттерді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз әрекеттерді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шілденің ортасында жедел қызметкерлерге көрші мемлекеттің азаматының бүйрегін сату туралы жедел ақпарат түсті. Осы мақсатта шетелдік әйел Павлодар қаласына келіп, баға мен шарттарды талқылап, сатуға келісім берген.

"ҰҚҚКБ қызметкерлері күдіктіні келісілген ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Жарнама
Жарнама

Спикер қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда заңсыз трансплантациялауға, сондай-ақ адам ағзаларының, мүшелерінің, тіндерінің және тіндерінің бөліктерін сату, сатып алуға тыйым салынғанын және ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Полиция азаматтарды осындай фактілерге куә болған жағдайда, "102" арнасына немесе "police 102" мобильді қосымша арқылы хабарлауға шақырады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама