Павлодарда қызын ұрған әйелге қатысты іс сотқа жіберілді

сурет Әлеуметтік желіден

Павлодарда ?зіні? кішкентай ?ызын ?р?ан ?йелге ?атысты ата-ана ???ы?ынан айыру туралы азаматты? іс сот?а жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысыны? Мамандандырыл?ан ауданаралы? к?мелет жасына толма?ан балаларды? ісі бойынша сот баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. Арызды ?алалы? білім б?лімі берген. Іс 1 ?арашадан бастап ?аралады. 

Павлодарда өзінің кішкентай қызын ұрған әйелге қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық кәмелет жасына толмаған балалардың ісі бойынша сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Арызды қалалық білім бөлімі берген. Іс 1 қарашадан бастап қаралады. 

Еске салайық, бүлдіршінді анасының аяусыз ұрып-соғуы туралы видео Instagram әлеуметтік желісінде жария болған еді. Кадрлардан әйелдің бүлдіршінді видеоға түсіре отырып, бетінен, басынан ұрғанын көруге болады. Кейін тамағынан қысып, жылап жатқан баланың үнін өшіргісі келеді. Әйел мұнысымен де тоқтамай, бүлдіршінді ұрғылай береді. Кадр сыртында "Ана, тоқтат!" деген тағы бір қыздың даусы естіледі. Қыз шешесін тоқтатпақ боалды, бірақ анасы оның сөзіне құлақ аспайды.  

Желіде тарап кеткен видео Интернет қолданушыларын шулатты. Нұргүл Докуованың парақшасында қолданушылар оның адамгершілікке жатпайтын ісін сөгіп, қатаң жазалауды талап еткен пікірлер жазып жатыр. 

Реклама
Реклама

Сол пікірлердің біріне Докуованың өзі жауап берді. Айтуынша, бұрынғы күйеуі оны қарыз бен кредитке батырған. Сонымен қатар, ВКонтакте желісінде Нұргүл Докуованың аккаунты делінген парақшада 23 қазанда сотқа тәжірибесі бар заңгердің іздестіріліп жатқаны хабарланған. Айта кетейік, бұл іспен Павлодарда басқа да құзырлы органдар айналысып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама