Павлодарда сайлау учаскелерінің алдында жәрмеңке ұйымдастырылды

Павлодар қаласында сайлау учаскелерінің алдында кішігірім жәрмеңке ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар қаласында сайлау учаскелерінің алдында кішігірім жәрмеңке ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер арзандатылған бағамен сатылып жатыр. Осылайша Кереку билігі дауыс берушілерді қызықтырып отыр.

Өңірде таңға қарай қарлы боран соғып, ақұлпа басып қалды. Жалпы, Павлодар облысы бойынша 512 200 адамның дауыс беру құқығы бар. Аймақта 523 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Реклама
Реклама

Ауа райына қарамастан сайлауға келіп дауыс берушілердің қарасы қалың. Экзит пуулдің есебінше осы уақытта сайлаушылардың 30 пайыздан артығы дауыс беріп үлгерген.

Павлодар қаласында сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Ал Екібастұздағы көрсеткіш өте төмен. Бұған дейін әлеуметтік желілерде жұрт сайлауға бармайтындарын айтқан.

Айта кетейік, бүгін Павлодар мен Екібастұз қалаларындағы қоғамдық көлікте жүру тегін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама