Павлодарда төтенше жағдай жарияланады

viewings icon 466
comments icon 0
Фото: instagram.com/pavlodar_tjd Фото: instagram.com/pavlodar_tjd

Павлодар мен қала маңындағы ауылдарда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар мен қала маңындағы ауылдарда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар әкімі Хасар Хабылбеков қол қойған шешім жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Реклама
Реклама

"Павлодар, Павлодар қаласы Ленин кентінің, Павлодар қаласы Жетекші, Мойылды, Павлодар ауылдарының және Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", - делінген жазбада.

Павлодар әкімдігі өткен демалыс күндері облыста болған дауылдың салдарын жою үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланатынын растады.

Жобаның қоғамдық талқылауы 21 қарашада аяқталатыны хабарланды. Павлодарлық коммуналдық қызметтер дауыл салдарын жоюды жалғастырып жатыр. Облыс ТЖД мәліметінше, қазір өңірде 33 ауыл электр қуатынсыз қалып отыр. Залал көлемі әлі де есептеліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная