30 маусым 2023 11:29

Павлодарда трамвай жүргіншіні қағып кетті

Көрнекі сурет Pavon.kz

Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 маусымда сағат 22:27 шамасында қала полициясына Мәшһүр Жүсіп - М.Горький көшелері қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.

Реклама
Реклама

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиғадан кейін жүргізуші жол апаты болған жерден кетіп қалған.

Осы дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Қажет сараптамалар тағайындалды. Трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram