ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қараша 2020 | 07:22
Павлодарда ұсталған күдікті полицейлерге COVID-19 жұқтырған
Павлодар облысы Аққулы аудандық полиция бөлімінің жеті қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысы Аққулы аудандық полиция бөлімінің жеті қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.
Аудан әкімінің орынбасары Алма Қасымованың айтуынша, инфекция Ішкі істердің аудандық бөлімінде мал ұрлығы үшін ұсталған күдіктіден жұққан. Ол ШҚО тұрғыны болған.
"Ауданда бір күнде (қарашада - еск.) 11 жағдай анықталды. Оның басым бөлігі - полицияның аудандық бөлімінің қызметкерлері. Олар мал ұрлаған ер адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына жеткізген. Сөйтсе, заңды бұзған адам COVID-19-дың симптомсыз түрімен ауырған. Сол ауру ошағы болып отыр. Байланыста болған барлық адамнан сараптама алынды, қызметкерлер үйдегі карантинге жіберілді. Солардың арасынан тест нәтижесі оң шығып отыр", - деді Алма Қасымова.
Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, Аққулы ауданында қарашадан бастап 21 жағдай тіркелген. Полицейлерден бөлек бір зейнеткер ауырған. Қалғандары - ауданда жұмыс істейтін тұрғындар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также