Павлодардағы әскери бөлімдегі атыс: жараланған адамның жағдайы туралы не белгілі?

Павлодардағы әскери бөлімдегі атыс: жараланған адамның жағдайы туралы не белгілі? Фото:depositphotos.com/ Mircea Moira

Павлодардағы атыс салдарынан зардап шеккен әскери қызметшінің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодардағы атыс салдарынан зардап шеккен әскери қызметшінің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болған?

Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атып (бірнеше), салдарынан өзі оқиға орнында көз жұмған. Ал тағы бір келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алған.

Реклама
Реклама

Мән-жайы

Зардап шеккен адам Павлодар қалалық №1 ауруханасына жатқызылған. Аурухананың бізге берген мәліметі бойынша, жігіттің жағдайы ауыр екені анықталды.


"2001 жылы туған пациент жансақтау бөлімінде жатыр, оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады бізге.

Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатқаны, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, тергеу барысы ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бақылауында екені атап өтілді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама