29 мамыр 2020 | 15:16

Павлодардағы балалар орталығында болған оқиғаға шенеунік түсінік берді

Фото: 1tv.kz

Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова кәмелетке толмаған балаларды ұрып-соққан психоневрологиялық орталықтың қызметкерлерінің әрекетіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова кәмелетке толмаған балаларды ұрып-соққан психоневрологиялық орталықтың қызметкерлерінің әрекетіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, орталықта қауіпсіздік шаралары сақталған.

Реклама
Реклама

"Онда бейнекамералар жұмыс істейді, медициналық қызметкерлер өз міндетін біледі. Тәртіпті бұзу деректері болды. Мұны адами фактор деп айтуға болады. Біз орталық қызметкерлері балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасаған болуы мүмкін деген деректі жоққа шығармаймыз", - дейді ол. 

Альмира Дисюпова қаладағы психоневрологиялық орталықтың өндірістік аумаққа көшірілуіне байланысты пікір білдірді.

"2016 жылы орталықты көшіру туралы шешім қабылданды. Бірақ қаланың орталығында бос ғимарат болған жоқ. Бұл мәселені облыс әкімі бақылауына алып, оны шешті. Бізге қаланың ішіндегі бір ғимарат берілетін болды. Алайда ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу қажет", - дейді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ол жобалық-сметалық құжат дайындалып жатқанын атап өтті

"Ғимарат облыстық психоневрологиялық диспансердің аумағында орналасады. Бұл мәселе облыс әкімінің бақылауында. Қаржының түсуіне байланысты бұл мәселеге қатысты шешім осы жылы қабылданады", - деді Альмира Дисюпова. 

Айта кетейік, осыған дейін Павлодарда психоневрологиялық орталықтың қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларды жәбірлегені хабарлаған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная