03 желтоқсан 2021 14:10

Павлодардағы түнгі клубтан әскерге шақырылғандар ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Оқиға орнынан түсірілген видео

Павлодардағы қорғаныс істері жөніндегі басқарма қызметкерлерімен бірлескен тексеріс кезінде полицейлер әскерге шақыртудан қашып жүрген 13 жасөспірімді анықтады. Ұсталған сәтте жастар қаланың түнгі клубында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құқық қорғау органдарының жастарды ұстаған видеосы Instagram-да жарияланды. Видеода полицейлердің арнайы автобуспен ұсталған жас жігіттерді әскери комиссариатқа қалай апара жатқаны түсірілген.

Реклама
Реклама

Павлодар полиция басқармасының ақпараты бойынша, әскери қызметтен жалтарып жүрген әскерге шақырылушыларды іздестіру бойынша осындай тексерістер биыл 30 қарашадан бастап жүргізіле бастаған.

"Көңіл көтеру орындары, жұмыс орындары және азаматтардың бос уақытын өткізу орындары тексеріліп жатыр. Тексеріс шараларының нәтижелері бойынша көңіл көтеру орындарында әскерде қызметтен жалтарған 13 әскерге шақырылушы анықталды. Бәрі Павлодар қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына жеткізілді", - деп хабарлады Павлодар полиция басқармасынан.

Полицейлер әскери қызметтен қашуға тырысқан әскерге шақырылушыларды іздестіру жалғасып жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram