ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қаңтар 2022 | 08:37
Павлодардан Нұр-Сұлтанға 23 литр қан жіберілді
Павлодарлық донорлардың арқасында облыс орталығынан Нұр-Cұлтанға 23 литр қан жіберілді. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews-ке сілтеме жасай отырып.

Айдар Ситқазиновтың айтуынша, елорда I топтағы қан сұратқан. Ол облыстық қан орталығы тұрақты донорларды шақырғанын айтты. Жаңадан келгендер тексеруден өтеді, бірақ олардың қанын тапсырғаннан кейін бірден алуға болмайды.
"Барлығынан қан ала алмаймыз, донорлардың жағдайы әртүрлі - біреуде гепатит немесе басқа да аурулары бар", - деп түсіндірді аймақтың бас дәрігері.
Ол Павлодар облысындағы қан орталығында жеткілікті қор бар екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также