21 маусым 2024 | 17:56

Павлодардың бір бөлігі сусыз қалды: су беру қашан қалпына келеді?

Фото:depositphotos.com

Павлодарда бүгін, 21 маусымда күннің бірінші жартысында су сору жабдығы өшіп, су құбырындағы қысым төмендеді. Бұл туралы "Павлодар су арнасы" мекемесі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда бүгін, 21 маусымда күннің бірінші жартысында су сору жабдығы өшіп, су құбырындағы қысым төмендеді. Бұл туралы "Павлодар су арнасы" мекемесі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өшіруге электрмен жабдықтау желісіндегі кернеудің төмендеуі себеп болды", - делінген хабарламада.

Мамандар сорғы жабдықтарын ауыстыру және сумен жабдықтау параметрлерін қалпына келтірумен айналысады. Оқиға орнында облыс әкімі Асаин Байханов, сондай-ақ қала әкімдігі мен қаланың коммуналдық қызметтерінің басшылығы бар екені айтылды.

Реклама
Реклама

Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанда, су қысымы төмендеген үйлер мен ұйымдарға су жеткізіліп жатыр, сондықтан барлық пәтерге жетпей қалуы мүмкін екені айтылды.

"Қысымның толық қалпына келуі бүгін, 2024 жылдың 21 маусымында сағат 23.00-де болады деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная