07 тамыз 2020 | 10:19

Павлодардың жаңа әкімі WhatsApp нөмірін жариялады

Павлодардың жаңа әкімі Ержан Иманслям әлеуметтік желіде өзінің WhatsApp нөмірін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодардың жаңа әкімі Ержан Иманслям әлеуметтік желіде өзінің WhatsApp нөмірін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пост қала әкімінің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Реклама
Реклама

"Құрметті павлодарлықтар! Халық үніне құлақ асатын мемлекет - бұл халықтың мәселелері мен сауалдарына жедел жауап беретін билік. Осы бір жарым апта ішінде мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы жүзден астам өтініш алдым. Олардың кейбіреулері бірден шешімін тапты, кейбірі мұқият қарауды талап етеді.

Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайтында "Онлайн-қабылдау" сервисі жұмыс істейді, онда Сіздер өзіңізді толғандырған сұрағыңызды маған тікелей қоя аласыздар. Сол сервис арқылы менің жеке қабылдауыма жазыла аласыздар. Сілтеме сториске бекітілген. Біздің диалог одан да нәтижелі болу үшін мен бүгіннен бастап жеке ватсап нөмірімді іске қосамын: +7 778 598 4948", - деп жазды қала басшысы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

?Құрметті павлодарлықтар! Халық үніне құлақ асатын мемлекет - бұл халықтың мәселелері мен сауалдарына жедел жауап беретін билік. ⠀ Осы бір жарым апта ішінде мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы жүзден астам өтініш алдым. Олардың кейбіреулері бірден шешімін тапты, кейбірі мұқият қарауды талап етеді. ⠀ Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Онлайн-қабылдау» сервисі жұмыс істейді, онда Сіздер өзіңізді толғандырған сұрағыңызды маған тікелей қоя аласыздар. ⠀ Сол сервис арқылы менің жеке қабылдауыма жазыла аласыздар. Сілтеме сториске бекітілген. ⠀ Біздің диалог одан да нәтижелі болу үшін мен бүгіннен бастап жеке ватсап нөмірімді іске қосамын: +7 778 598 4948.

Публикация от Ержан Иманслям (@imanslyam_erzhan) 6 Авг 2020 в 5:23 PDT

Еске салайық, 27 шілдеде Павлодар облысының әкісі Әбілқайыр Ысқақов қала активіне жаңа әкімді таныстырған болатын. Әкім болғанға дейін Ержан Иманслям Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде көлік құрылысы басқармасын басқарған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная