Павлодарлық тиктокер жағалаудағы қоқыс жәшігін бүлдіргені үшін жазаланады

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры: Instagram/tipavlo

Павлодарлық тиктокер жағалаудағы мүлікті бүлдіргені үшін жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарлық тиктокер жағалаудағы мүлікті бүлдіргені үшін жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұзақы түсірілге видео Instagram желісінде қала әкімі Асайн Байхановқа жіберілген. Кадрларда ер адам көшедегі қоқыс жәшігін жағалаудағы қоршаудан қалай лақтырғаны, ол қардың үстіне домалап кеткені көрсетілген. Әкім тәртіпбұзушыны полиция тауып, жазалайтынына уәде берген.

Реклама
Реклама

 
"Қалалық Полиция департаменті қоқыс жәшігін жағалауға лақтырған ер адамды анықтады. Біз әкімшілік сотта қоғамдық жұмыстарға тартуды талап етеміз", - деп жазды кейінірек Асайн Байханов.

Әкімнің айтуынша, бұзақы кәмелетке толмаған бала. Жасөспірім TikTok желісінде видеоны жариялаған. Кейін кешірім сұраған видео түсіріп, "мұндай жағдай енді қайталанбайды" деп уәде берген. Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Асайн Байханов жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама