Павлодарлықтарға үйден шықпауға кеңес берілді

Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда ауқымды дезинфекция жұмыстары жүрзілуіне байланысты қала тұрғындарына үйден шықпауға кеңес берілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда ауқымды дезинфекция жұмыстары жүрзілуіне байланысты қала тұрғындарына үйден шықпауға кеңес берілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Реклама
Реклама

Павлодар қаласы әкімдігінің хабарлауынша, кеше ауқымды дезинфекция қаланың солтүстік бөлігінде жүргізілген. Ал бүгін шаһардың оңтүстік бөлігі қамтылып отыр.

"Жұмыс күні бойы жүргізіледі. Дезинфекция Назарбаев даңғылы мен Торайғыров - Нұрмағамбетов - Қамзин көшелерінің аумағында жүргізіледі, Толстой көшесі де қамтылады. Қала тұрғындарын себепсіз үйден шықпауды сұраймыз", - дейді қалалық әкімдіктің қызметкерлері.

Қала әкімдігінің мәліметінше, дезинфекцияға 140 маман жұмылдырылған. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін 6 тонна натрий гипохлориті дайындалған.

Айта кетейік, елімізде коронавирусты жұқтыру өсімі жоғары 5 қалада карантин режимі күшейтілді. Тізімге Павлодар мен Екібастұз қалалары кірді. Ал демалыс күндері ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Павлодар облысында 469 адам COVID-19 вирусын жұқтырды. 230 науқас дертінен айықты, 13 адам аурудан қайтыс болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная