ПОДЕЛИТЬСЯ
22 тамыз 2021 | 17:47
ПІБ Ақорданың "құлаған" қабырғасына қатысты түсінік берді
Қазақстан Президенті Іс Басқармасы Ақорда қабырғасының құлаған бөлігі түсірілген суретке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Іс Басқармасы Ақорда қабырғасының құлаған бөлігі түсірілген суретке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Блогер Азамат Ерғали Facebook-те Президент резиденциясының суретін жариялады, онда ғимараттың сыртқы құлаған бөлігін көруге болады.
ПІБ баспасөз қызметі ғимаратта жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
"Осы жазда "Ақорда" резиденциясы ғимаратының шатыры жоспарлы жөндеуден өтіп жатыр. Жұмыстар мамырда басталды, қыркүйекте аяқталады. Сәнді элемент құрылыс платформасын шатырға кедергісіз көтеру үшін алынды. Жұмыс аяқталған соң ернеу бұрынғы орнына бекітіледі. Қазір ол қоймада жатыр", - деді ПІБ өкілдері.
"Ертең, жұмыс күні, жағалау жақтан құрылыс платформасының Ақорда шатырына көтерілгенін көруге болады", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также