02 ақпан 2022 08:41

Педагогтерден түрлі себеппен ақша жиналып жатыр - БҒМ

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетіне білім беру қызметкерлерінен түрлі жағдайда ақша жинауға қатысты аноним шағымдар тұрақты түрде түседі. Бұл туралы ведомство өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында мұғалімдер арасында ақша жинауға қатысты жанжал шықты. Сонымен қатар, білім беру қызметкерлері мәселені сыртқа шығаруға ұмтылмайды. Зайсан қаласындағы балабақша меңгерушісі мемлекеттік аттестациядан өту үшін әріптестерінен ақша жинап алған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, маман жұмыстан босатылған.

"Бізге балабақша меңгерушісі мемлекеттік аттестациядан өтуге қаражат жинап жатқаны туралы 24 балабақша тәрбиешісінен өтініш түсті. Бұл мәселені құзырлы органдар қарап жатыр", - деді ШҚО білім беру қызметін лицензиялау басқармасының басшысы Сәуле Балтабаева. 

Реклама
Реклама

Білім басқармасының басшысы бұған дейін балабақша меңгерушісіне екі рет сөгіс жарияланғанын түсіндірді.

Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті мәліметінше, бұған дейін Түркістан мен Алматы облысының мұғалімдері заңсыз ақша жинағаны хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram