10 қыркүйек 2020 | 17:34

Педофилдерге қандай жаза қолданылады? Жоғарғы сот түсіндірді

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жоғарғы сот педофилдерге қатысты жазаны түсіндірді. Айтуларынша, Қылмыстық кодекс өзгергеннен кейін жаза қатаңдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жоғарғы сот педофилдерге қатысты жазаны түсіндірді. Айтуларынша, Қылмыстық кодекс өзгергеннен кейін жаза қатаңдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2015 жылға дейін жұмыс істеген Қылмыстық кодексте баланы зорлағаны үшін - 7-15 жыл және азғырғаны үшін - 3 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Соңғысынің ісі орташа ауырлықтағы қылмыс ретінде жәбірленушінің заңды өкілімен татуласқан жағдайда тоқтатылатын. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жоқ. Содан кейін санкциялар біртіндеп күшейтілді. 2019 жылы түбегейлі қатаңдатылды.

Реклама
Реклама

Қазір ҚР ҚК-нің 120, 121-баптары бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттер үшін - 12-ден 17 жылға дейін, балаға - 20 жыл немесе өмір бойына жаза қолданылады. ҚР ҚК-нің 124-бабы "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша жаза - 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ата-анаға болса 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. 122-бап "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" ауырлығы орташа қылмыс болып қалды - 5 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру", - деп түсіндірді ҚР ЖС өкілдері.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегінде педофилдерге қатысты жазаны күшейтуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, педофилдер кешірім алу құқығынсыз қатаң жазаға лайық. 

"Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Біз кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті едәуір қатаңдаттық. Бірақ мәселе өткір болып қала береді. Мұндай қылмыскерлер кешірім жасау және ертерек босату құқығынсыз қатаң жазаға лайық. Олар барынша қауіпсіз мекемелерде ұсталуы тиіс", - деп тапсырды Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

Сондай-ақ, Жоғарғы сот заңдағы қылмыстардың жіктелуі бойынша түсінік берді. 

"Біріншіде - жәбірленушінің жасы маңызды. Қыз 14 жасқа толмаса, жыныстық қатынас ерікті болды ма немесе зорлық-зомбылық қолданылды ма, маңызды емес. Жасына байланысты ол саналы түрде шешім қабылдай алмайды деп саналады. Бұл - кез-келген жағдайда зорлау немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық, 120-бап, 3, 4-бөлім, 121-бап 3,4-бөлім және санкция бойынша тек бас бостандығынан айыру көзделген. Бұл жерде айыптаушы жақ кінәлі адам жәбірленушінің жасын білетінін дәлелдеуі маңызды, әсіресе 14 жасқа дейін бірнеше күн немесе ай қалғанда.

Екіншісінде - жәбірленуші 14-16 жасқа дейін болса, оның жыныстық қатынасқа келісімі болған-болмағаны маңызды. Келісім болса, онда бұл ҚК-нің 122-бабы және санкцияда бас бостандығынан айыру да, шектеу де бар. Бұл орташа ауыр қылмыс. Әдетте, мұндай жағдай кездесіп жүрген жастар арасында болады. Ал зорлық-зомбылық немесе қауіп болса, онда жоғарыдағы тармақ бойынша қаралады.

Үшіншісі - жыныстық қатынас жасамай-ақ балаларға (14 жасқа дейін) азғындық жасау, бұл - ҚК-нің 124-бабы. Бұл жыныс мүшелерін ұстау, оларды көрсету және басқа әрекеттер", - деді Жоғарғы сот өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная