21 желтоқсан 2021 | 14:11

Перғауын заманынан бері билікті ешкім ұнатпайды - Ақтөбе облысы әкімі

Дина Шарипханова Корреспондент

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өзіне айтылатын сынға қалай қарайтынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өзіне айтылатын сынға қалай қарайтынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

"Әрине, мен бұқара алдына жиі шығатын адаммын. Барлық жаман нәрсе, әрине, бірінші басшымен байланысты болады. Сенсеңіз, перғауын заманынан бері ешкім билікті ұнатпайды. Бұрын Брежнев заманында да ас үйде отырып, сынау болған. Рас, қазір сынға ұшырағандар Брежнев кезеңдерін ностальгиямен еске алады", - деді Ақтөбе облысының әкімі.

Ол кез келген уақытта және қоғамда әрқашан билікті жамандайтын адамдар болатынын айтты.

Реклама
Реклама

Оңдасын Оразалиннің айтуынша, оқырман тарту және ерлік үшін облыс әкімін сынға алу ең ыңғайлы тәсіл екенін айтты. Сонымен қатар, ол сынға сабырлы қарайтынын мойындады.

"Бұл - қалыпты құбылыс. Билік жіті бақылауда болуы керек. Батыста үкіметті сынамайды деп ойлайсыз ба? Сынға алады! Кез келген қоғам қайраткері бақылауда. Бұған не түрткі болды: әшкерелеуге деген шынайы ниет. Біреу өз мүддесін қорғағысы келеді, ал біреу өзгелерді сынап-мінеп, оған жаман болғанынан ләззат алады. Сын сындарлы болса, онда оны қабылдап, шаралар қолданып, мәселені жою керек", - деді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная