Перизат Қайрат пен оның анасы қазір қайда?

Дина Шарипханова Корреспондент
Перизат Қайрат. Фото: instagram.com/01pk

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева қазір қайда? Бұл сұраққа Астана прокурорының көмекшісі Индира Жұмағалиқызы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева қазір қайда? Бұл сұраққа Астана прокурорының көмекшісі Индира Жұмағалиқызы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокурордың айтуынша, қазір Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева Астананың тергеу изоляторында отыр.

"Сот үкімі күшіне енбегендіктен, олар тергеу изоляторында ұсталады. Ұстау шарттары бойынша маған шағым түскен жоқ. Олар бір мекемеде, бірақ бөлек (әр түрлі камераларда - еск.) отыр",- деді ол.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Перизат Қайрат - Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал.

2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Еске салайық, биыл 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама