Перизат Қайрат ісі: сот жабық режимде өтіп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Санжар Мустафин

Бүгін қоғам белсендісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот отырысы жабық режимде жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін қоғам белсендісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот отырысы жабық режимде жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана сотының баспасөз қызметі мәліметінше, сот отырысы банктік құпияны қамтитын құпия деректердің қаралуына байланысты көпшілікке жабық болады.

Бұған дейін осы істі жүргізіп жатқан судья Сабыржан Кәрімов сот отырыстарының дүйсенбі және бейсенбі күндері өтетінін бекіткен болатын. Алайда өткен аптада сот отырыстары сәрсенбі, бейсенбі және жұма күні түске дейін де өтті.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 16 шілдеде өткен сотта Перизат Қайраттың ісі бойынша жәбірленушілерден жауап алынды. Атап айтқанда, зейнеткер әйел су тасқыны кезінде Қайраттың қорына аударған 1 миллион теңгені қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінген. Әйел "BizBirgemiz" атауы сенімді көрінгенін айтты.

Сондай-ақ, бұл іс бойынша Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ата-аналар комитеті мүшелері жәбірленуші ретінде танылды. Комитет өкілі Сәуле Қуандықова сотта 2024 жылдың сәуірінде мектеп оқушыларының ата-аналары 901 855 теңге жинап, аталған қорға аударғанын айтты.

Прокурор Мадина Оразалина айыпталушы Перизат Қайраттың біліміне қатысты мәліметтерді жария етті. Ол Ақтаудағы №10 мектепті бітірген. 2006 жылы өңірдегі өнер колледжіне хор дирижерлігі бөліміне оқуға түскен. Алайда колледжді бітіргені туралы дипломы жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама