Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот отырысында тараптардың жарыссөзі бейсенбі, 24 шілдеде жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төрағалық етуші судья Сабыржан Кәрімовтың айтуынша, жәбірленушілердің пікірлері бейсенбіде сағат 11:00-де жалғасады.
"Бүгін барлық жәбірленуші мен олардың өкілдері соттағы жарыссөзге қатыса алмағандықтан, ертең жалғасады. Жәбірленушілер мен олардың өкілдері сөзін жалғастырады", – деді судья.
Перизат Қайраттың адвокаты Арман Дәулетяровтың айтуынша, сотта әлі 31 жәбірленуші сөйлеуі тиіс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!