Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы қалай өтетіні белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Сот Перизат Қайрат пен оның анасының сот тергеуін БАҚ-ты қатыстырмай өткізу туралы өтінішіне қатысты шешімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот Перизат Қайрат пен оның анасының сот тергеуін БАҚ-ты қатыстырмай өткізу туралы өтінішіне қатысты шешімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов шешімді жария етті.

"Қайраттың алдын ала тыңдаудағы өтініші қаралды (...) Сот сот процесін жабық түрде өткізу туралы өтінішті ішінара қанағаттандыру туралы қаулы шығарды. Сот отырысы 2025 жылдың 14 шілдесіне, сағат 10:00-ге белгіленді", – деді судья.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 9 шілдеде таңертең Астана сотында Перизат Қайратқа қатысты алдын ала тыңдау өтті. Оған азаматтар мен ұйымдардан 3 миллиард теңгеден астам қаржыны қайырымдылық көмек көрсету сылтауымен жымқырды деген айып тағылған. Айыпталушылар сот процесіне БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы болып, сот отырысын фото және видеоға түсіруге рұқсат бермеді.

Маусымның аяғында Бас прокуратура Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты қылмыстық істің мәні бойынша қаралуы үшін Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданғанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама