Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталды: келтірілген шығын көлемі өсті

Перизат Кайрат. Фото: instagram.com/01pk

ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайрат ісіне қатысты жаңа мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайрат ісіне қатысты жаңа мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол күдіктіге қатысты қылмыстық істің аяқталғанын және қазіргі уақытта процестің қатысушылары қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде екенін растады.

"Қосымша айта кетейін, тергеу барысында әртүрлі залал сомасы айтылғанын білесіздер. Қазіргі уақытта 3,5 миллиард теңге мөлшеріндегі залал сомасына тоқтадық. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру деректері туралы бұған дейін де айтқанмын. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға қатысты, дәл осы жерде Перизат Қайрат гүл дүкенін сатып алуға ақша салған. Осылайша, ол өзін бизнес-леди және бизнес кеңістікте ақша табатындай көрсетті", - деді Елемесов Сенатта өткен брифингте журналистерге.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, журналистер одан Перизат Қайраттан тәркіленген мүліктің болашақтағы тағдыры туралы сұрады.

"Бұл мүліктің тағдырын сот шешеді: не ол жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалады, не мемлекеттің кірісіне беріледі. Соған байланысты, мүлікке қатысты одан әрі шешімдер қабылданады", – деп толықтырды спикер.

Еске салайық, 2024 жылдың қарашасында Перизат Қайраттың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама