Перизат Қайраттың артында шынымен ешкім жоқ па? “Ең танымал” сұраққа жауап

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Санжар Мустафин

Қазақстандықтар арасында ең көп талқыланған сауалдың бірі - "Перизат Қайрат мұның бәрін жалғыз өзі істеді ме?" деген сұрақ. ҚМА өкілі осы сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар арасында ең көп талқыланған сауалдың бірі - "Перизат Қайрат мұның бәрін жалғыз өзі істеді ме?" деген сұрақ. ҚМА өкілі осы сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржылық мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің сөзінше, Перизат Қайраттың артында көлеңкелі ықпалды тұлғалар болмаған, мұның бәрін ол өзі жасаған, оның жанында тек анасы болған.

"Қорға түскен ақшаны, сайып келгенде, Перизат Қайрат пен анасы иемденді. Біз бұған дейін хабарлағанбыз: жеке үй, төрт пәтер, көліктер. Барлығы осы ақшаға сатып алынған. Қылмыстық тергеу аясында бұл ақшаның заңсыз жұмсалуына қатысы бар басқа тұлғаларды анықтаған жоқпыз", - деді Елемесов Сенат дәлізінде.

Реклама
Реклама

Перизат Қайрат туралы не белгілі?

Перизат Қайрат - Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал.

2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Еске салайық, биыл 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама