Перизат Қайраттың сотында ақша толы чемодан туралы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша соттағы жарыссөз кезінде прокурор Арман Кезекен олардан тәркіленген сәнді заттардың құнын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша соттағы жарыссөз кезінде прокурор Арман Кезекен олардан тәркіленген сәнді заттардың құнын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайрат пен Алашбаевадан тәркіленген брендтік сөмкелер, аяқ киімдер мен зергерлік бұйымдардың саны 140 атаудан тұрады. Олар қайырымдылық көмек көрсету желеуімен жиналған ақшаға сатып алынған. Бұл заттардың жалпы құны - 158 289 365 теңге", – деп оқыды прокурор.

Прокурор Ғайни Алашбаеваның - айыпталушы Перизат Қайраттың анасының ұстанымына жеке тоқталды. Оның айтуынша, Алашбаева сотта жауап беруден бас тартса да, тергеу барысында және іс материалдарын талдау кезінде оның ұстанымы анық көрінген.

Реклама
Реклама

"Оның ұстанымы айдан анық. Оның еш кінәсі жоқ. Қызы Перизат Қайраттың іс-әрекетіне еш қатысы жоқ. Бұл ретте Қайрат Перизаттың телефонынан 20 мың теңгелік ақша толы чемодан түсірілген бейнежазба табылды, онда: "Ну что сказать, самый хороший год. Аллаға шүкір" дейді", – деді прокурор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама